Халықаралық интеграция

Б. Сағынтаев: Қазақстан мен Сербияның сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастығы әріптестіктің негізгі қозғаушысына айналады

Қазақстан мен Сербия сауда-экономикалық саласындағы қазақстандық-сербиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша қадамдарды қарастырды. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың айтуы бойынша, осы бағыт екі ел әріптестігінің негізгі қозғаушысына айналуы тиіс.
Нұр-Сұлтан15 Қараша , 12:31

«Біз қазір Сербияның Премьер-Министрімен жемісті келіссөздер өткізіп жатырмыз, қазақстандық-сербиялық ынтымақтастықты практикалық толтыруға қатысты мәселелердің ауқымды тобын талқыладық. Сауда-экономикалық саласындағы қазақстандық-сербиялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдету бойынша қадамдарды қарастырдық», - деп хабарлады ол.

Б. Сағынтаевтың айтуы бойынша, екі елдің ынтымақтастығының анағұрлым басым бағыттары ауыл шаруашылығы. Құрылыс, өнеркәсіп, туризм, шағын және орта бизнесті дамыту салалары болуы мүмкін. Ол үшін барлық жағдайлар жасалған.

«Бүгін біздің елдеріміздің арасында визалық режим жоқ. Яғни бірлескен бизнес-форумдар өткізу уақытында біз көптеген құжаттарға қол қоямыз, бұл біздің бизнес-қоғамымыз күтетін бағыттар бойынша жұмыстарды бастауға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді Қазақстанның Премьер-Министрі.




Яндекс.Метрика