Инфрақұрылымның дамуы

Павлодар облысында ферроқорытпа зауытының қызметкерлеріне тұрғын үй салады

Павлодар облысының әкімі жұмыс сапарымен Ақсу қаласы мен оның ауылдық аймағында болып қайтты. Бірінші кезекте Болат Бақауов «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының нысандарын аралап көрді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар15 Қараша , 19:56

Облыс әкімі жеке тұрғын үй құрылысына арналған үш жаңа шағын ауданға инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстарымен танысты. Су құбырлары, кәріз, электр, жылу желілері және телефон байланысын тарту жобасына ағымдағы жылы 1,2 миллиард теңге бөлінді. Жоба екі жылға жоспарланған, оны іске асыру келесі жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.     

Сондай-ақ, Болат Бақауов Ақсу ферроқорытпалар зауытының жұмысшылары үшін салынып жатқан үй құрылысының алаңында болды. 80 пәтерлік бес қабатты үй 2017 жылдың қыркүйек айында жұмысшыларға беріледі деп жоспарланып отыр.

Жаңа үйдің жобалық құны 530 миллион теңгеге жуық соманы құрайды. Алдын ала есептеулер бойынша зауыт жұмысшылары тұрғын үйдің әр шаршы метріне 120 мың теңге төлеу арқылы пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болады.

 




Яндекс.Метрика