Қазақстанның Тәуелсіздігі

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызының дәрігерлері Ақмола облысында 500 адамды қабылдады

«Тәуелсіз Қазақстан» ақпараттық-насихат пойызы Ақмола облысының Есіл қаеласына келді.
Ақмола15 Қараша , 16:37

Бұл шараның мақсаты әртүрлі мәдени шаралар ұйымдастыру, медициналық, әлеуметтік, заңгерлік көмек және де кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығымен айналысу бойынша кеңес беру болып табылады.

Пойыз құрамында жетекші министрліктер мен ведомство мамандары, мәдениет және өнер қайраткерлері, медицина қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің басшылары, қаржылық даму институттары мен ғалымдар қатысуда.

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы құрамындағы жеті министрлік пен үш ұлттық компанияның өкілдері бүгін күні бойы көкшетаулықтарға медициналық, әлеуметтік, ауыл шаруашылығы, құқықтық және өзге де бағытта көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, Достық үйінде жергілікті этномәдени бірлестіктердің өкілдері, еңбек ұжымдары және ЖОО студенттерімен кездесу өткізу көзделген.  Еске сала кетейік, Астанадан шыққан пойыз 35 елді мекенді басып өтіп, 43 күннің ішінде Алматы қаласында тоқтайтын болады.

Акцияның негізгі мақсаты Тәуелсіздік жылдарында жеткен Ұлт Көшбасшысының Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нәтижелерін жариялау. Сондай-ақ медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызмет көрсету, ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру, кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша қолдау көрсету болып табылады.

 




Яндекс.Метрика