Халықаралық интеграция

Сербиялық өнеркәсіптік компаниялар Қазақстанмен ынтымақтастық жасауға мүдделі

Сербияның Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Марко Чадеж қазақстандық-сербиялық бизнес-форумда Сербияның инвестициялық және экономикалық мүмкіндіктерімен таныстырып өтті.
Нұр-Сұлтан15 Қараша , 11:32

«Сербия Қазақстаннан едәуір кіші. Біздің кредиттік рейтингіміз өте жақсы, ол соңғы бір жарым жыл ішінде 3 есе жақсарған. Сербия бизнесті жүргізу үшін жағдайларға қатысты сыртқы сауда аясында өте жақсы келісімдер ұсына алады. Бізде қосылған құн салығының деңгейі өте жақсы, ол 15%-ды құрайды. Бұл басқа елдерге қарағанда азырақ», - деп ақпараттандырды Сербияның Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Марко Чадеж.

Оның айтуы бойынша, Сербияда жұмыс шығыстары төмен, бұл байланысқа, электр қуатына, жұмыс күшін уәждеуге және бәсекеге қабілетті салық саясатына қатысты.

«Жұмыс күшіне қатысты, Белградтағы университет Шенген аймағындағы 300 үздіктің бірі болып саналады. Көптеген сербиялық компаниялар шетелдік нарықтарда бәсекеге қабілетті бола алатынын көрсетті. Осы жылы түсетін инвестициялар көлемі 1,8 млрд долларға жетті. Бізде инвестициялар үшін әр түрлі мүмкіндіктер бар: құрылыс, өнеркәсіп, сақтандыру және т.б.», - деп атап өтті Марко Чадеж.

Ол Қазақстан сияқты Сербияның да ынтымақтастықтың әр түрлі салаларында мүдделі екенін атап өтті. Марко Чадеж бүгінгі келіссөздерден кейін қазақстандық және сербиялық компаниялар арасындағы мәмілелер көлемі ұлғаяды деген сенім білдірді.




Яндекс.Метрика