Басқару

Астанада Н.Назарбаевтың суреті бейнеленген 10 мыңдық сувенирлік банкнот таныстырылды (ФОТО)

Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті бейнеленген 10 мыңдық сувенирлік банкнот таныстырылды. ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев «Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» атты конференцияда банкнотты таныстырды.
Нұр-Сұлтан 15 Қараша, 11:02

«Банкноттарда  портреттерді бейнелеу алғаш рет орын алып  отырған жоқ, сондай-ақ,  елге ерен еңбек етіп, өз үлестерін қосқан тұлғалардың   бейнесін банкнотта бейнелеу  мемлекеттілікті көрсетудің   әсерлі әрі көрнекті  түрі болып табылады», - деді Д.Ақышев. 

Ұлттық банк басшысы  банкноттарда бейнеленген   Нельсон Мандела, Мұстафа Кемаль  Ататүрік, Ли Куан Ю, Унинстон Черчиль және өзге  көшбасшыларды  мысалға алды.

Данияр Ақышев жаңа монетаның қашан шығарылатынын атап өтті.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнот және 5 теңгелік монета шектелген тиражбен 2016 жылдың 1 желтоқсанынан қолданысқа шығарылады», - деді төраға.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Бауыржан Жуасбаев 

 

 

 





Яндекс.Метрика