Халықаралық интеграция

А.Вучич: Сербия Қазақстанмен шынайы достастықты жоғары бағалайды (ФОТО)

Астанада Премьер-Министрр Бақытжан Сағынтаев Сербия Премьер-Министрі Александр Вучичпен кездесті.
Нұр-Сұлтан 15 Қараша, 10:34

Кездесуде Бақытжан Сағынтаев Сербия премьер-министрiнiң сапары аясында көптеген маңызды мәселелер талқыланып жатқанын атап өттi.

«Сiзге бiздiң ел ұнағанын байқап отырмыз. Кеше Астана туралы жылы лебiзiңiздi бiлдiрдiңiз. Бүгiн шағын құрамда көптеген мәселелердi талқыладық. Бұл сұрақтарды бiздiң елдердiң мемлекет басшыларының тапсырмасы аясында қарастыру қажет. Қазақстан Президентiнiң Сербияға жасаған сапарынан кейiнгi хаттама бар. Арнайы iс-шаралар жоспары жасалды, министрлiктер мен ұлттық компаниялар барлық тапсырмаларды орындау бойынша жұмыс атқарып жатыр», - дедi Үкiмет басшысы.

Өз кезегiнде Сербия премьер-министрi Александр Вучич Қазақстан тарапынан көрсетiлген құрметке алғысын бiлдiрiп, екi елдiң ынтымақтастығы дами түсетiнiне үмiт бiлдiрдi.

«Сербия Қазақстанның ұстанымдарын, Президентiн құрметтейдi. Қазақстан ЮНЕСКО-да бiздiң мәдени мұрамызды сақтауға қолдау көрсеттi. Қазақстан мен Сербия арасында достық қарым-қатынас орнап отыр. Осы ынтымақтастығымыз одан әрi нығая түсетiнiне сенiмдiмiз. Сербия Қазақстанмен шынайы достастықты жоғары  бағалайды», - дедi ол.

Сурет:Бауыржан Жуасбаев 





Яндекс.Метрика