Адами капитал

Ұлттық Банк «НБК Online» жаңа мобильді қосымшасын іске қосты

Қазақстандықтарға AppStore және PlayMarket дүкендерінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде «НБК Online» жаңа мобильді қосымшаны жүктеу үшін қолжетімді. Бұл туралы бүгін Астанадағы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте базалық мөлшерлеме туралы баяндама жасағанда ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.
Нұр-Сұлтан15 Қараша , 17:56

«Естеріңізде шығар, біз ҚР Ұлттық Банкінің «НБК Online» жаңа мобильді қосымшасының іске қосылатынын алдын ала хабарладық. Бүгін мен оның іске қосылғаны туралы ресми түрде хабарлаймын. Мобильді қосымша халықтың реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ұлттық Банкпен жедел өзара іс-қимылына арналған», - деді Д. Ақышев.

Оның айтуы бойынша, «НБК Online» пайдаланушы өзінің сұрақтарымен, мәселелерімен, ұсыныстарымен Ұлттық Банкке тікелей өтініш жасауына болатын Whatsapp, Viber немесе Telegram сияқты танымал сервистерге ұқсас заманауи мессенджер қызметін атқармақ.

«Сонымен қоса, «НБК Online» пайдаланушылары KASE-дегі сауда-саттықтың нәтижесі, валюталардың бағамдары туралы соңғы ақпаратты, қаржы нарығы жөніндегі деректерді және ҚР Ұлттық Банкінің басқа жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып білетін болады. «НБК Online» қосымшасына күн сайын жаңартылатын жаңалықтар қамтылған», - деп хабарлады Д. Ақышев.




Яндекс.Метрика