Өңірлер

ШҚО-да 1420 бас малға арналған 4 тауарлы сүт фермасы салынды

ШҚО-да жоспарланған 3050 бас малға арналған 9 тауарлы сүт фермасының 1420 бас малға арналған 4 тауарлы сүт фермасы пайдалануға берілді, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшісі Қонысбай Төлеубеков әкімдіктегі аппараттық кеңес барысында.
Шығыс Қазақстан15 Қараша , 10:03

Шығыс Қазақстанда сүтті жануарлар мен халықтан сүтті сатып алуды дамыту бағдарламасы  жүзеге асырылып жатыр.

2016 жылдың  4 қарашасындағы жағдай бойынша  жоспарланған  3050 бас малға арналған  9 тауарлы сүт фермасының 1420 бас малға арналған 4 тауарлы сүт фермасы  пайдалануға берілді.

«Жаңа құрылысты жүзеге асырумен қатар 9550 мал басына арналған  28 СТФ қайта жөнделуі жүзеге асырылуда», - деді Қ.Төлеубеков.

Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, ШҚО-да білім беру, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымы, ТКШ  саласында  139 млрд теңгенің  22 жобасы жүзеге асырылуда. 




Яндекс.Метрика