Халықаралық интеграция

Н.Назарбаев: Еуразия кеңістігінде ЕЭК-тің перспективасы басым

Еуразия кеңістігінде Еуразиялық экономикалық кеңістіктің перспективасы басым, деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының отырысында.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 17:01

«Өзара сенімсіздіктің  жолағын жою үшін барынша жұмыс жасау керек. Бір-біріне қарама-қарсы санкциялар енгізу сынды әрекеттердің барлығы антисаяси құбылыс, ол дамуға әкелмейді. Еуразияның бірыңғай экономикалық кеңістігіндегі бағытын анықтап алған жөн. Меніңше, бұл перспективадан бас тартуға болмайды», - деді Н.Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы айтқандай, жаңа формат  Дүниежүзілік сауда ұйымының жұмысына еш әсерін тигізбеуі керек.

«ШЫҰ, ЕАЭО, ЕО және Жібек жолы экономикалық шеңберінде  өзара түсіністік қажет. Бірыңғай Еуразиялық кеңістік пен сауда, ынтымақтастыққа Трансатланттық серіктестік, Транстынықмұхиттық  серіктестігі, Бір белдеу-Бір жол ұмтылуы керек. Ең бастысы олардың қызметі ДСҰ-ға әсер етпеуі керек», - деді Елбасы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика