Халықаралық интеграция

Қазақстан Президенті елдердің көшбасшыларын терроризмге қарсы күш біріктіруге шақырды

Әлемнің барлық елдері өзара бірікпесе, терроризмді жеңу мүмкін емес, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының екінші отырысында.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 16:29

«Біз Қазақстан ядролық қарусыздандыруға қарсы тұру моральдық құқығына ие екенін білеміз және оған сенеміз. Мен оны өткен жылы БҰҰ-да сөз сөйлеу барысында 2045 жылға дейін барлық адамзаттың, барлық елдердің ядросыз қаруға келуі туралы айтқан болатынмын. Сол кезде «Әлем. ХХІ ғасыр» бағдарламасын ұсынып, осы мақсаттарға қалай қол жеткізу керектігін көрсеткен едім. Мен саясаткерлер де, әлем де өзара түсіністікке, жақсы жаққа қарай ілгері жылжитынына сенемін», - деді Н. Назарбаев.

«Әлемнің барлық елдері өзара бірікпесе, терроризмді жеңу мүмкін емес»,  - деп қосты Н. Назарбаев

Президент келісім болған кезде ғана террористік және экстремистік ағымдарға қарсы тұруға жақсы мүмкіндік болатынын атап өтті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика