Халықаралық интеграция

ҚР Президенті: 25 жыл ішінде Қазақстан экономикасына 260 млрд доллар инвестиция бағытталды

Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан экономикасына 260 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция бағытталды, деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана клубының екінші отырысында.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 15:53

«Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан экономикасына 260 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция бағытталды. Экономикалық әлеует пен азаматтардың әл-ауқаты бірнеше есе өсті. Біз мұнай, газ қорлары бойынша 10-12-орынды аламыз. Бізде Менделеев кестесінен басқа да түрлер өте көп: темір, түсті металдар, тыңайтқыштар», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге Мемлекет басшысы тәуелсіздік алған кезеңде еліміздің мұнай-газ саласы қандай жағдайда болғанын да еске салды.

«25 жыл бұрын тиімді мұнай өндіру болмаған. Мұнай өндірудің қазіргі желілері, заманауи мұнай құбырларының құрылысы, әсіресе экспорттау қаншалықты қымбат екенін мамандар жақсы біледі. Біз осының барлығын бастап, әлемдік компанияларды тартқан болатынбыз. Ол үшін аса мол ресурстар қажет болатын», - деп қосты Н. Назарбаев.

Енді, Президенттің айтуы бойынша, Қазақстанның басты саласының сәтті дамуын еліміздің өсуі мен дамуынан, ең бастысы, жаңа Астанадан көруге болады.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика