Өңірлер

СҚО-да 10 айда химиялық өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру көлемі 25,6%-ға өсті

Солтүстiк Қазақстан облыстық әкiмдiгiнде облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте ағымдағы жылдың 10 айы бойынша өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы және медициналық қызметке ақы төлеу департаментi жұмысының қорытындысы талқыланды.
Солтүстік Қазақстан14 Қараша , 17:34

Бiрiншi мәселе бойынша статистика департаментiнiң басшысы Марал Нұржауыпова баяндады. Үстiмiздегi жылдың тоғыз айының қорытындысына сай бiздiң облыс республиканың 16 өңiрi арасында тұтынушы бағаларының индексi бойынша үшiншi орында, тұрғын үйдi пайдалануға беру қарқыны 115,5%-ды құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.

«Азық-түлiк өнiмдерiн өндiру көлемi 5,8%-ға артты, оның iшiнде ұн өндiрiсi 39,9%-ға, ұзақ уақыт сақталатын кондитерлiк өнiм 17,2%-ға, сүт өнiмдерi 3,8%-ға, мал азық-жемi 5,2%-ға артты. Сусын өндiрiсi 2,2 есе, химиялық өнеркәсiп өнiмдерiн өндiру 25,6%-ға, жеңiл өнеркәсiп 8,2%-ға өстi», — дедi Марал Нұржауыпова.

Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, өндiрiс қарқыны Айыртау, Ақжар, М.Жұмабаев аудандарында жоғары.

Облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров аудан әкiмдерiне көрсеткiштi жоғарлату мүмкiндiгi бар салаларда жұмысты күшейтудi тапсырды.

Әрi қарай медициналық қызметтерге ақы төлеу департаментiнiң басшысы Батырбек Нұрғалиев мекеменiң ағымдағы жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындысы жөнiнде мәлiмет бердi.

«Ағымдағы жылдың 10 айы бойынша 5 млрд. 973 млн.теңге қаржыландыру жоспары 100%-ға жүзеге асырылған. 6 млрд. 041 млн. теңгенiң арнайы медициналық көмегiн 59 225 емделушi алып, жоспар 100%-ға орындалды, оның iшiнде стационарлық көмектi 44 089 және стационарды алмастыратын көмектi 15 136 емделушi алды», — деп мәлiмдедi Батырбек Нұрғалиев.




Яндекс.Метрика