Үкімет

ҚР ИДМ әлем бойынша 200 ҰАК-пен байланыс орнатуда

ҚР ИДМ әлем бойынша 200-ге жуық ҰАК-пен, соның ішінде химиялық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісі, байланыс саласындағы 5 зәкір инвестормен байланыс орнату бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр, деді инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің отырысы барысында.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 18:57

«ҚР ИДМ-де шетелдік инвесторлармен барлық келісушіліктерді мониторингілеу үшін, 300-ден астам жобаны қамтитын база қалыптастырылды», - деді министр.

Жалпы, Ұлтаралық компаниялармен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Әлем бойынша 200-ге жуық ҰАК-пен байланыс орнату бойынша жұмыс басталды.

Сондай-ақ, химиялық өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өндірісі, байланыс саласындағы 5 зәкір инвесторын тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Ағымдағы жылы 7 инвестор, соның ішінде 4 ҰАК (Кока-Кола, Тикурилла, Эджибаши, Басф) өз кірісін құрылыс материалдары өндірісі, фармацевтикалық, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда жаңа өндіріс құруға қайта инвестициялады», - деп баяндады Ж. Қасымбек.




Яндекс.Метрика