Үкімет

Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 25,8%-ға артты

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысы барысында Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 25,8%-ға артқанын айтты.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 16:57

Ж. Қасымбек ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 25,8%-ға артып, 9,3 млрд долларды құрағанын мәлімдеді. Оған қоса, инвестициялардың  60%-ға жуығы тау-кен өнеркәсібі және геологиялық барлауға, 15% - өңдеу саласына, 9% - саудаға және 5% - құрылысқа тиесілі.

Еске салсақ, Doing Business соңғы баяндамасының қорытындысы бойынша Қазақстан 41-орыннан 35-орынға көтеріліп, өз жағдайын айтарлықтай жақсартты. Сонымен бірге, бірқатар көрсеткіштер бойынша едәуір жақсару бар, атап айтқанда «Миноритарлық инвесторларды қорғау» көрсеткіші бойынша Қазақстан 25-орыннан 3-орынға ілгеріледі. Бұдан бөлек, Қазақстан бизнес жүргізу саласындағы заңнаманы жақсартуда ең көп жетістікке жеткен 10 елдің қатарына енді.

Анықтама:

2015 жылдың бірінші жартыжылдығында тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағымы 7,4 млрд долларды құраған болатын.




Яндекс.Метрика