Басқару

Қ.Мәми: Жаңа АПК елдің құқықтық алаңын айтарлықтай жақсартты

Жоғарғы Сот судьялардың VII съезі қарсаңында Азаматтық процестік кодекстің комментарийін таныстыру рәсімін өткізді, деп хабарлады Жоғарғы сот.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 17:16

 «Президент ел өміріндегі зор маңызға ие жаңа Кодекске алғаш рет жариялы түрде  қол қойғанын атап өтті. Бұл тұрғындарға заңның мән-маңызын неғұрлым дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді», - деді таныстыру рәсіміне келген қатысушыларға сөйлеген құттықтау сөзінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми.

 Мемлекет басшысы тарапынан берілген мұндай жоғары баға ақталды. Бүгінде жаңа Кодекс еліміздің құқықтық кеңістігін түбегейлі жақсартты деп нық сеніммен айтуға болады.

 Жаңа Кодекс күшіне енгеннен кейін шығарылған сот актілеріне жүргізілген талдау азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіруде өзінің зор тиімділігін көрсетті. Егер де сот төрелігінің ескі жүйесінде істердің жекелеген санаттары бір жарым жылға дейін қаралса, бүгінде олар ең көп дегенде 8 айдың ішінде шешімін табуда.

Азаматтық істердің 82 пайыздан астамы бір сот отырысында, ал 58 пайызы – жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде қаралады. Дауды шешудің баламалы тәсілдерін қолдана отырып аяқталған істердің саны 70 пайызға артса, медиацияны қолдана отырып аяқталған істер саны 3 есе артты. Азаматтық процестік кодекске енгізілген нормалар электронды сот ісін жүргізуді жетілдіруге мүмкіндік берді. «Сот кабинеті» сервисі арқылы ағымдағы жылы 600 мыңнан астам электронды құжат келіп түсті.

Қ.Мәми іс-шараға қатысушыларға Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа бекітілген барлық қадамдардың сәтті орындалғанын мәлімдеді.  

Қ.Мәми ағымдағы жылғы 14 қарашадағы жағдай бойынша республикадағы барлық сот отырысы залдарының аудиобейнетіркеу жүйесімен 100 пайызға жарақтандырылғанын айрықша атап өтті. Бұл жұмыс барынша қысқа мерзімде әрі тиісті деңгейде жүргізілді. Бұл сот төрелігінің айқындығын арттырудың тікелей шаралары және Ұлт Жоспарының 20 қадамын орындаудың іс жүзінде аяқталғанын білдіреді.

Жүргізілген реформалар құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауға, сондай-ақ тұрғындардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыруға барынша ықпал етеді. Нәтижесінде, неғұрлым маңызды халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның көрсеткіштері жақсарды. Мәселен, ағымдағы жылы Бүкіләлемдік банктің бизнесті жүргізу және инвестициялық ахуалды жақсарту рейтингісінде Қазақстан 190 елдің ішінде 9 орынды иеленді. Қазақстан Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық индексінде өз көрсеткішін 4 позицияға (72-ден 68-ге дейін) жақсартты. Бұл Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосудағы сот жүйесінің қомақты үлесі болып табылады.

 

 

 




Яндекс.Метрика