Үкімет

Қазақстанда 2 жылда үш деңгейлі инвестиция тарту жүйесі құрылды

ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысы барысында Қазақстанда 2 жылда үш деңгейлі инвестиция тарту жүйесі құрылғанын айтты.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 14:32

Ж. Қасымбектің айтуынша, биыл ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі комитеті ЭЫДҰ Кеңесіне Қазақстанды ЭЫДҰ-ның Инвестициялар жөніндегі комитетінің қатысушысы ретінде шақыруға ұсыну туралы шешім қабылдады. Қазақстанда 2 жылда  үш деңгейлі инвестиция тарту жүйесі құрылды.

Оның айтуынша, бұл Қазақстанға деген зор сенімнің белгісі және Қазақстанның инвестициялық ахуалы халықаралық стандарттарға, іскерлік ортаның жоғарғы деңгейіне, бәсекелестік пен инвесторлардың құқығын қорғау салаларына сәйкестігінің көрсеткіші.

ЭЫДҰ-дағы позициясын орнықтыру үшін, Қазақстан маңызды бағыттары инвесторлар үшін көші-қон және виза мәселесін жеңілдету, салықтық және кедендік басқаруды жетілдіру, сонымен қатар инвесторларды тартудың жүйелік құралдарын жақсарту болып табылатын инвестициялық ахуалды жетілдіру бойынша толық жоспарды іске асыру жұмыстарын жалғастырады.

 




Яндекс.Метрика