Үкімет

ҚР ИДМ салық органдары тарапынан бизнеске ақылы және тегін консультациялар жүргізу тәжірибесін енгізуді ұсынады

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Үкіметінің отырысы барысында халықаралық консультанттардың ұсынымы бойынша салық органдары тарапынан бизнеске ақылы және тегін консультациялар жүргізу тәжірибесін енгізу қажеттігі туралы мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 13:16

«Жалпы, инвесторлар Қазақстанның салық және кедендік заңнамасының айтарлықтай ілгерілегенін атап өтті. Осы ретте, «Салық салу» көрсеткіші бойынша Қазақстанның 3 орынға 57-орыннан 60-орынға төмендегенін атап өту қажет. Біз оны салық жинауға қатысты саясаттың қатаңдатылуымен, сондай-ақ заңнама нормаларының қосарлы түсіндірілуі, салықтық әкімшілендірудің күрделілігі сияқты проблемалармен байланыстырамыз», - деді ол.

Ведомство басшысының айтуы бойынша, инвесторлар атап өткен негізгі проблема – салық төлемеген үшін қылмыстық жауапкершіліктің айтарлықтай төмен деңгейі.

«Осыған байланысты, оның деңгейін көтеріп, шетелдік тараппен одан әрі талқылау қажет. Сондай-ақ халықаралық консультанттардың ұсынымы бойынша салық органдары тарапынан бизнеске ақылы және тегін консультациялар жүргізу тәжірибесін енгізу қажет деп санаймыз», - деп түсіндірді министр.

Сондай-ақ, министрлік «KAZNEX INVEST» ұлттық агенттігінің жұмысын қайта форматтап, оның жанынан өңірлерде филиалдары бар Инвесторларға қызмет көрсету орталығын құру қажет деп санайды.    

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика