Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қазақстанның ЖІӨ энергия сыйымдылығы 30 пайызға төмендеді

Қазақстанның ЖІӨ энергия сыйымдылығы 30 пайызға төмендеді , деді Орталық коммуникациялар қызметінде «Мойындалған халықаралық энергосервистік шарттар арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторлар тарту» бойынша 100 Нақты қадам Ұлт жоспарының 59-қадамына арналған баспассөз-мәслихатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрашев Тимур.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 18:13

Баспасөз мәслихатында Нұрашев Тимур энергия тиімділігі саясаты басталғаннан бері ЖІӨ энергия сыйымдылығының төмендету тенденциясы байқалатынын айтты. Нәтижесінде ЖІӨ энергия сыйымдылығы 2011 жылғы деңгейден 30%-ға төмендеген.

«Энергияға қажетті технологиялар мен материалдарды енгізу шараларының тиімділігі 30-дан 50%-ға дейін артса, бұл ретте  шаралардың өтілім мерзімі 3-тен 9-ға дейінгі жылдар аралығында», - деді спикер Алтангерел Мунхтуя.

 «Энергия сервистік қызметтердің нарығын дамыту бөлігінде қадамды іске асыруды «Министрлік мемлекеттік органдар арасында алғашқы болып «Транспорт Тауэр» өз ғимараттын жарықтандыруды жаңғырту бойынша жобаны іске асырудан бастады. Мемлекеттік секторда энергия тиімді жобаларды іске асырудың болашақта үлгісі болатын мемлекеттік-жекешілік әріптестік тетігін пайдаланумен энергия сервистік шарт көзқарасы бойынша іске асыратын алғашкы жоба», - деді Нұрашев Тимур.

 




Яндекс.Метрика