Үкімет

Премьер-Министр СІМ-ге елге инвестиция тартуды белсенділетуді тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Б.Сағынтаев инвестицияларды тартудағы түйіткілді мәселелердің нақты шешімдерін қабылдау керектігін айтты.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 12:34

«ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев инвестициялар тарту мәселесін айрықша бақылауда ұстап отыр.Мемлекет басшысының Корея мен Жапонияға сапары барысында ірі бизнес тарапынан Қазақстанға үлкен қызығушылық байқалған, сондықтан да жүргізіліп жатқан жұмысты барлық бағыт бойынша жетілдіре түсу керек. Жапонияда Елбасын қосақтағандардың бәрімен әңгімелесу өткізілді. Қазір Президент  бізге жұмысты күшейту керектігін еске салды. Оның ішінде инвестиция комитетінің жұмысы да бар. «KAZNEXT INVEST» жұмысты қажетінше орындамаса, елшіліктердегі арнайы өкілдермен жұмысты жалғауымыз қажет», - деді Премьер-Министр.

Б. Сағынтаев Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері әлеуетті инвесторлармен тұрақты байланыста болып, отандық өнімдердің сыртқы нарыққа шығуына жәрдемдесу керектігін айтты. Бұдан өзге, ел ішінде инвесторлар мен инвестициялық жобаларды сүйемелдеу қажет.

Сондай-ақ, Б. Сағынтаев министрлерге үкіметаралық комиссия құрамында инвестициялар тарту бойынша жұмысты тиімді жүргізіп, олармен жұмыс кезінде барынша көп жауапкершілік таныту керектігін хабарлады.

Премьер-министр Ерлан Ыдырысовқа  түзетілген меморандумдар тиімділігіне мониторинг жүргізуді тапсырды.

«Мемлекет басшысының сапары аясында бизнес-форумдар мен келісімдер, меморандумдар түзіледі, меморандум қандай жолмен жүргізілетінін де білмеймін. Біз оны қағаз жүзінде ғана емес, іспен де жүзеге асыруымыз керек. Сондықтан бізге «ревизия» қажет. Бұл жұмысты СІМ мен ИДМ келісіп жыл соңына дейін аяқтауы керек», - деді Б.Сағынтаев.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика