Парламент

Қазақстанда міндетті дактилоскопиялық тіркеу енгізіледі

Қазақстандықтарға саусақ ізін электрондық сканерлеуден бас тартқаны үшін 2 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Екінші рет бас тартқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделмеген, бірақ саусақ ізін сканерлемеген жағдайда ел азаматтары жеке басын куәландыратын құжат ала алмайды, деп хабарлады ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасымен таныстыру барысында.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 12:18

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» ҚР Заңының жобасы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы отырыс хаттамасын және ҚР Үкіметінің 2016 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарын орындау үшін әзірленгенін атап өту қажет. 

Заң жобасы ҚР-дағы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Рашид Жақыпов заң жобасымен таныстыра отырып, дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің мақсаты дактилоскопиялық және геномдық тіркеу негізінде жеке тұлғаны анықтау және (немесе) растау болып табылатынын атап өтті. Қазақстан азаматтары дактилоскопиялық және геномдық тіркеуден бас тартқан жағдайда айыппұл төлеуі тиіс болады.

«Қазақстан азаматтары үшін тіркеуден бас тартқан үшін айыппұл мөлшері 2 АЕК құрайды деп болжануда. Ол үшін қылмыстық жаза көзделмеген. Біз оны жеке басын куәландыратын құжаттар үшін енгізіп отырмыз», - деп хабарлады Р. Жақыпов. 

Р. Жақыпов депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы елде қабылданған заңдарды орындауы тиіс екенін атап өтті. 




Яндекс.Метрика