Үкімет

СІМ: Жекешелендіру бойынша бірыңғай алгоритм әзірлеу қажет

Жекешелендіру бойынша бірыңғай алгоритм әзірлеу қажет, деді Үкімет отырысында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
Нұр-Сұлтан14 Қараша , 12:01

Жекешелндіру бір жыл бұрын іске қосылды, сыртқы істер ведомствосының басшысы айтқандай, елге сапалы инвестиция тартудың қозғаушы күшіне айналуы керек болған.

«Қазір жекешелендіру  тапсырмаларын орындау бойынша нақты жұмыс қажет. Ең алдымен кәсіптік  ақпараттық топтама керек.  Біздің елшіліктер бұл салада не істеу керектігін білмейді.  ҰЭМ, Самұрық, Бәйтерек және өзгелері  бұл жұмысқа қатысса да, анық көрініс қалыптаспады. Сондықтан бұл арада ақпараттық топтама негізінде  нақтылық жасау керек, жекешелендіру бойынша бірыңғай алгоритм әзірлеу қажет деп ойлаймыз», - деді министр.

Е.Ыдырысовтың айтуынша, аталмыш шара елге сапалы инвестиция тартуды қарастырады. 




Яндекс.Метрика