Кездесу аясында бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасу болып өтті. Нгуен Ван Зиау екі ел арасындағы достықтың қарқынды дамып жатқандығы туралы айтып өтті.
Комитет төрағасы айтып өткендей, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымы екі елдің әлеуетіне сай келмейді, сондай-ақ, Қазақстан мен Вьетнамның қарым-қатынасы осы қарқыннан да күшті дамуға тұрарлық.
Вьетнамдық саясаттанушы Еуразиялық экономикалық одақ қатысушы елдері және Вьетнам арасында еркін сауда келісімі биылғы жылдың 5 қазанында жүзеге асатынын айтты.
Б. Жұмаханов өз кезегінде Астана мен Ханойдың өзара байланысының белсенділігін атап, Қазақстаның халықаралық бастамалары туралы әңгімеледі.