Маңғыстау облысында инфрақұрылымды дамыту жұмысы табысты жүзеге асуда

Маңғыстау облысында инфрақұрылымды дамыту жұмысы табысты жүзеге асуда, депр хабарлады облыс әкімдігі.
Маңғыстау15 Тамыз , 14:52

Осы жылы Бейнеу ауданының Төлеп ауылында 40 орындық балабақша,  Бейнеу ауылында су тазарту ғимараты мен ауылішілік су құбыры, 4 пәтерлі тұрғын үй және ауылішілік жолдар құрылысы жүріп жатыр. Жаңа оқу жылында Бейнеуде 900 орындық мектеп пайдалануға беріледі.  «Сыңғырлау-Сам-Ноғайты-Тұрыш» тас жолдарын қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.

«Қарақия ауданының бюджет көлемі 12 млрд. теңге. Ауданда бірнеше ірі жобалар іске асырылуда. Соның ішінде, Болашақ стансасында 2 пәтерлі 5  тұрғын үй құрылысы, Құрық және Бостан ауылдарындағы жаңадан салынған тұрғын үйлерге электр және газ желілерін тарту; 4 бірлік кәріз тазалау тораптарын орнату; аудан орталығында 550 орындық жұмысшылар жатақханасының және Жетібай ауылында ауылішілік автомобиль жолы мен 280 орындық балабақша құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері Маңғыстау ауданында 65 орындық 1 балабақша қолданысқа берілді. Оңды, Ақшымырау, Жармыш, Тұщықұдық, Жыңғылды ауылдарында 4 пәтерлік тұрғын үй және Жармыш ауылында дренаж құрылысы аяқталып қалды.

Шайыр, Сайөтес ауылдарында ауылішілік автомобиль жолы құрылысы және «Шетпе-Қызан» жолы құрылысы бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр.

Түпқараған ауданының бюджеті соңғы 3 жылда 2 есеге өсіп 9 млрд. теңгені құрады. І жартыжылдықта 150 орындық 3 балабақша іске қосылды. Ауданның Сайын Шапағатов және Ақшұқыр ауылдары қарқынды дамуда. Осы ауылдарда жаңадан салынған тұрғын үйлерді электр және газбен қамту, ауылішілік су құбыры мен резервуар, сондай-ақ ауылішілік жол құрылысы жұмыстары іске асырылып жатыр.

Табиғи өсім мен миграция есебінен Мұнайлы ауданы қарқынды дамуда. Мектептерде үш ауысымды оқытуды жою жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда бұл мәселе аудан әкімдігі тарапынан бос орындары бар мектептерге автобустармен балаларды жеткізу арқылы шешіліп келеді. Биыл аудан бойынша 1-ші сыныпқа 3200 бала барады. Үстіміздегі жылы Мұнайлы ауданында бірқатар жобалар жүзеге асырылады. Атап айтсақ, Батыр ауылының «Емір» шағынауданында үйлердің инженерлік желілері; Маңғыстау, Батыр, Атамекен, Басқұдық және Баянды-3 ауылдарын орталықтандырылған сумен және газбен қамту жұмыстары; Қызылтөбе, Жаңа Дәулет, Батыр, Маңғыстау, Баянды ауылдарында ауылішілік жол және Маңғыстау ауылында 10 автономды жылу қазандығының құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Жаңаөзен қаласын дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Осы бағдарламаның іске асырылуынан бастап, қаржыландырудың барлық көздері есебінен қаланы дамытуға 49 млрд.тенге бағытталды. Нәтижесінде қалада және оған қарасты елді мекендерінде жаңа әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар салынды. Жылу, су, газ, электр желілері жаңартылып, біртіндеп автомобиль жолдары салынып жатыр. Жыл сайын жаңадан салынған спорт және аула алаңдарының саны артып келеді.

Облыстық мәслихат депуттары аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысына  оң баға берді.

 




Яндекс.Метрика