Аталмыш зерттеу "Санжд" орталығымен биылғы жылдың сәуiр-мамыр айында өткiзiлдi. Нидерланды Корольдiгi Елшiлiгiнiң қаржылық көмегiмен ұйымдастырылған зерттеу барысында iрi, орта және кiшi бизнестiң 189 респондентi қатысты.
"Қазақстандық компаниялар (респонденттердiң 61 пайызы) ұжымдық әлеуметтiк жауапкершiлiк жөнiнде шетел кәсiпорындарына (80 пайызы ақпараттанған) қарағанда және бiрлескен жоба өкiлдерiмен салыстырғанда (74 пайызы) ең аз ақпараттанғандығын атап өткен жөн", - делiнген зерттеу есебiнде.
Есепте атап көрсетiлгенiндей, ҰӘЖ-ге, әсiресе, кiшi бизнесте үлкен мән берiле бермейдi. Мәселен, ұжымдық әлеуметтiк жауапкершiлiк жайында iрi бизнестiң 100 пайызы, орта кәсiпкерлiктiң 70 пайызы, ал кiшi бизнес өкiлдерiнiң 47 пайызы ақпараттанған.