Хабарламада айтылғандай, «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту: тәжірибелік мәселелер» тақырыбы борйынша дөңгелек үстелде мемлекет пен кәсіпкерлік әріптестігі, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі жобаларын қаржыландыру және мемлекеттік-жеке меншік механизмін қабылдау арқылы денсаулық сақтау салалары жобаларын іске асыру мәселелері талқыланды.
Қазақстанның барлық өңірлерінде «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 6 жоба, ал «350 денсаулық сақтау нысанының құрылысы» бойынша 17 жоба іске асырылмақ.
Жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен мемлекеттік-жеке меншік әріптестік схемасы бойынша 11 жобаны іске асыру жоспарланған.
Осыған орай жеке секторға жұмыс істеп тұрған денсаулық сақтау нысанының 15 жоба нысанын «Мемлекеттік меншік туралы» Заң бойынша тапсырылмақ.
«Аталмыш шара Қазақстандағы денсаулық сақтау саласы бойынша мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын іске асыру жоспарын анықтауда ерекше мәнге ие», - деді қаржы кеңесшісі және халықаралық сарапшы М.Абрантез.
Шараға Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы өкілдері, Франция елшілігі өкілдері, жеке меншік және мемлекеттік медицина ұйымдарының басшылығы, ЖОО мен ғылыми орталық өкілдері қатысты.