«Мен жаңа экономикалық одақтың өсу қарқынына да, жылдамдығына да еш күмән келтірмеймін. Бұл үдерістер Президент айтқан қазақстандық қоғамды дамытуда экономикалық нәтиже берері сөзсіз. Мен ЕЭҚ 2050 жылға қарай бізге жоғары әлеуетімізді іске асыруға мүмкіндік беретін өте қуатты экономикалық одаққа айналады деп ойлаймын. Сонымен қатар, біз өзіміздің ұлттық әлеуетімізді іске асыра отырып, сапалы ықпалдастықты пайдаланатын боламыз», - деп атап өтті Ахметов.