Парламент

Ұлт жоспарының әр заңы Мәжілістің депутаттарына жеке бекітілетін болады

Ұлт жоспарының әр заңын жүзеге асыру жеке депутатқа бекітіледі. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында айтты.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 12:13

«Парламентте осы шақырылымда және биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа мемлекеттің, экономика мен біздің қоғамның дамуына тиың серпін беретін құқықтық орта құрылып, 59 заң қабылданып күшіне енді.  Осы сессияны ашқан кездегі Мемлекет басшысы атап өткендей, кейбір міндеттер қайтадан тоқтап қлуы мүмкін. Осыған орай Президент белгіленген 100 нақты қадам қайта түзетілмеуі керектігін қатты ескертті. Сондықтан, Мәжіліс депутаттары бірінші сессия барысында Ұлт Жоспары аясында қабылданған 10 заңның жүзеге асырылу мәселелерін қарады»,-деді Н.Нығматулин.

Ол, аталмыш жұмыстар жалғаса беретінін және жүйеленетінін атап өтті.

«Бұл үшін барлық 59 заң бойынша Мәжіліс депутаттары бекітілетін болады. Олар заңның орындалуын тікелей қадағалап, мониторинг жасап отыратын болады. Сонымен қатар, тиісті шара қолдану туралы ұсыныс дайындайды. Бұл маңызды жұмысты үйлестіру салалық комитет төрағаларына жүктеледі. Парламенттің алдағы кезеңдегі қызметінде депутаттар алдында бірқатар заң жобаларын қарау жұмысы тұр. Олар «100 нақты қадам» бағдарламасының орындалуына бағытталатын болады»,-деді Парламенттің төменгі палата төрағасы.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика