Парламент

ҚР Парламентінің депутаттары демалысқа шықты

Парламенттің алтыншы шақырылымы алғашқы сессияны аяқтап, депутаттар парламенттік демалысқа кетті.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 11:56

 «Осы жылдың тағы бір іс-шарасы - біздің екі палаталы парламенттің орнағанына 20 жыл толады. Осы жылдар ішінде Парламент 2,5 мыңнан астам заң қабылдады және ең жоғары өкiлдi ұйымға айналды.  Осының барлығы біздің халық мен мемлекетке оңтайлы қызмет жасауда. Қазіргі күні әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жолында Мемлекет басшысы біздің алдымызда жойқын тапсырмалар мен мақсаттар қоюда және барлығымыз алдымызға қойған борышты сезіне отырып, барлық тапсырманы мұқият орындауымыз қажет»,- деді ҚР Мәжіліс спикері Н.Нығматулин.

Төмеңгі палатаның спикері  алтыншы шақырылымның алғашқы сессиясында атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, БАҚ өкілдеріне жасаған жұмыстары үшін алғысын білдірді.

«Сенат пен Мәжілістегі барлық өзімнің ұжымдарыма жемісті атқарылған жұмыс үшін алғысымды білдіргім келеді және депутаттар атынан екі палатаның қызметкерлерінің мүшелеріне біздің жұмысымыздың сапасын қамтамасыз еткендері үшін алғыс білдіремін. Сонымен қатар, БАҚ өкілдеріне осы кезеңде бірлесіп жасаған жұмыстарға да алғымсымыз шексіз»,-деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика