Парламент

Парламенттің отырысы тікелей эфирде көрсетіледі

Белгілі болғандай, Парламент Сенат пен Мәжілістің онлайн трансляцияларына қайтып келу қарастырылуда. Отырыс ресми сайттан тікелей эфирде көрсетіледі, деді Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 11:36

Халықты мазалайтын мәселелерді алып парламентте талқылау және олар бойынша заңнамалық шараларды уақытында қабылдау  депутаттық корпус  алдындағы мақсаттардың бірі. Сондықтан Мәжіліс пен Сенаттың отырыстарын тікелей трансляцияда көрсетуге қайтып келу қарастырылуда», - деді Н. Нығматулин.

Парламент Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулин атап өткендей, қос Палатаның депутаттары қай кезде де диалогқа дайын, азаматтық қоғамның, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен тұрақты байланыс орнатуға мүдделі.

«Парламенттің екі палатасының депутаттары диалог үшін ашық, азаматтық қоғам  өкілдері мен БАҚ өкілдерімен байланыс орнатуға әркез дайын.  Әрбір қазақстандыққа заңдар мен жаңашылдықтарды түсіндеру қажеттілігі туындап отыр», - деді ол.

Анар  Тәңірқұлова

 

 




Яндекс.Метрика