Парламент

Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заң жобасын Парламент 2016 жылдың күзінде қарастырады

2016 жылдың күз айында Парламент меморгандардан көші-қон және діни бірлестіктер саласында экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, қару айналымы, сақтау және сату бойынша заң жобаларын күтеді. Бұл туралы ҚР Мәжіліс Парламентінің спикері Нұралан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім етті.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 11:31

«Мемлекет басшысы БҰҰ Қазіпсіздік кеңесінің отырысында Үкіметке екі ай ішінде көші-қон және діни бірлестіктер саласында экстремизм мен терроризмге қарсы күрес, қару айналымы, сақтау және сату бойынша заңнамалық бастамалардың пакетін әзірлеуге тапсырма бергені баршаңызға белгілі.  Біз аталмыш заң жобаларын Парламентке келесі сессияның басында кіргіземіз деп жоспарлаудамыз»,-деді Н.Нығматулин.

Палата Спикерінің айтуы бойынша, Парламент палаталарының қос депутаттары Үкіметпен қазақстандықтардың қауіпсіздігін қорғау үшін сенімді құқықтық базаны қаматамасыз ету бойынша бірлескен жұмысқа дайын екендігін айтты.

«Алда болатын кезеңде біздің алдымызда тағы бір тапсырма тұр – бұл 5 институционалық реформаны іске асыру бойынша Ұлт жоспарына одан әрі тиімді заңнамалық қолдауды қамтамасыз ету болып табылады»,-деді Н.Нығматулин.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 




Яндекс.Метрика