Парламент

Мәжіліс Спикері: Парламент міндеті – мемлекеттің одан әрі нығаюы мен экономикалық дамуында жаңа белестерге қол жеткізу

Парламент тапсырмасы – мемлекеттің одан әрі нығаюы мен экономикалық дамуында жаңа белестерге қол жеткізу, деп ҚР Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлім етті. Отырыс аясында VI шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының қызметін қорытындылады.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 11:13

«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Әр күн, әр ай және әр жыл сайын бұл жылдар біз ұшын маңызды және құнды болып табылады. Осы жылдар ішінде қазақстандықтардың даму жолын қалыптастырдық және барлық әлемде абыройға ие болдық»,-деді Н.Нығматулин.

Оның айтуы бойынша, бұл, бірінші кезектеТұңғыш Президент-Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерең еңбегінің арқасында, сонымен қатар халық бірлігінің арқасында қол жеткізген жетістіктер.

«Әрине, біздің еліміздің үлкен даму жолында Парламенттің де жасаған еңбегі жатыр. Ендігі күні біздің тапсырмамыз, алдағы мемлекеттік нығайту мен экономикалық дамуда үлкен белестерге қол жеткізу»,-деді спикер.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика