Парламент

Н.Нығматулин: Қазақстанның БҰҰ ҚК мүше болып сайлануы – Н.Назарбаевты әлемдік масштабтағы көшбасшы деп мойындаудың белгісі

Парламенттің бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин парламентаралық ынтымақтастық, парламенттік дипломатияны дамыту мен Қазақстанның халықаралық бастамаларына қозғау салу бойынша Парламент депутаттарының жұмысы туралы айта келіп, депутаттар қатысқан барлық халықаралық форумдарда аудиторияның қызығушылығы біздің елдің Президенті Н.А.Назарбаевтың Вашингтондағы БҰҰ Саммитінде көтерген бастамасы «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесіне байланысты болды, деп атап өтті.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 10:39

Бұл бағдарламалық құжатқа лемдік қоғамдастықтың қызығушылығы тікелей Қазақстанның жаһандық ядролық қаруға қарсы қозғалысы тұрғысынан көшбасшылығына байланысты. Соның дәлелі ретінде Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен 25 жылда ықпалды халықаралық ұйымның қатарына ғана қосылған ел ретінде емес, оның жоғары басқарушы органындағы жұмыстарға қатыса алатын дәрежедегі мемлекетке жетті.

Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелігіне сайлау туралы шешім Мемлекет басшысының ядролық қарусыздандыру саясаты, мәдениеттер мен өркениеттер диалогын қамтамасыз ету, әлем халықтары мен елдері арасында сенімді нығайту тұрғысынан әлемдік масштабтағы Көшбасшы екенін мойындаудың белгісі, деп мәлімдеді Мәжіліс төрағасы бірлескен отырыста.

Бұл Парламент палата депутаттарының 12 парламентаралық ұйымдар мен әлем елдерінің 80 астам парламенттерімен ынтымақтастығын жақсартуда қолайлы жағдай туғызады.




Яндекс.Метрика