Қабылданған заңдардың ішінде Н.Нығматулин «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңды айтып өтті. Сонымен қатар, бірнеше халықаралық шарттарды ратификациялау туралы. Олар еліміздің сыртқы саясатының басымдылығын қамтамасыз етеді және қаржы саласында шетелдің елдерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған, ТМД мен Еуропалық кеңістік аясында қызметтің кейбір аспектілерін реттеуге де бағытталған.
Сонымен қатар, Мәжіліс Спикерінің айтуы бойынша, парламентішелердің назарында «Нұрлы жол» Мембағдарламасы, Денсаулық сақтауды дамытудың Мембағдарламасы, ауыл шаруашылық саласын дамыту, жергілікті полиция қызметінің құрылуы, жеке сот орындау институты және тағы басқа мәселелер болды.
Сессия жұмысы барысында Парламенттің қос палатасының депутаттары Үкімет пен басқа да орталық мемлекетттік органдарға 115 депутаттың сауалын жіберді.
Бірінші сессия барысында депутатттарға 2935 азаматтардың өтініштері келіп түсті.