Парламент

Н.Нығматулин: VI шақырылымның бірінші сессия депутаттары 7 заң жобасына бастамашылық етті

Астанада Мәжіліс Спикері Н.Нығматулиннің төрағалығымен Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 10:31

«Бүгін біз Парламенттің  VI  шақырылымының  бірінші сессиясын аяқтаймыз. Бірінші сессияда  палаталардың бірлескен 3 отырысы өткізілді, Мәжіліс 12 жалпы отырыс өткізсе, Сенат 6 жалпы отырысты тәмамдады. Сондай-ақ, 170 тұрақты комитет отырысы мен  екі палатаның жұмыс тобы заң  жобалары бойынша  186 отырыс өткізді», - деді Н.Нығматулин.

Оның айтуынша, Парламентті назарына жалпы 42 заң жобасы ұсынылған, оның 18-і өткен шақырылымнан ауысқан құжаттар болса, 24 заң жобасы осы сессия жұмысы барысында түскен.

«Сондай ақ, депутаттардың өздері 7 заң жобасының жасалуына бастамашыл болған. Мәжіліс сессиясының барысында 13 заң жобасы мақұлданып, Сенатқа жіберілген. Жалпы Парламент 12 заң қабылдаған», - деді Н.Нығматулин.

Анар  Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика