Қазақстан және БҰҮ

БҰҰ ҚК құрамында Қазақстанның міндеті терроризмге қарсы іс-қимылда күштерді шоғырландыру болады - ҚР-дың дінтанушылар конгресі

«Қазақстанның дінтанушылар конгресі» қоғамдық бңрлестігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 09:54

«2016 жылғы 28 маусымда біз үшін шын мәнінде тарихи оқиға орын алды  -  Қазақстан Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің атынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

Бұл ерекше оқиғаның Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойын мерекелеуге тұспа-тұс келгені қуантарлық жәйт.

БҰҰ қызметінің тарихында біздің ел аса маңызды органның құрамына енген Орталық Азия өңірінің алғашқы мемлекеті болып табылады.

Бүгінде Қазақстан жасампаз бастамаларымен әлем таныған, экономикасы серпінді дамыған, көпұлтты қоғамы бар, өзара түсіністік және өзара құрмет негізінде жұдырықтай жұмылған  елге айналды.

Сонымен қатар әлемнің бірқатар елдеріндегі заманауи сын-қатерлер мен тұрақсыздық мемлекет тарапынан негізі өзара ынтымақтастық, құрмет, толеранттылық, өзара түсіністік қағидаттарын құрауы тиіс қауіпсіздік пен дамудың жаңа жүйесін құруды талап етеді.

Осы бағытта барлық мемлекеттердің күштерін біріктіру, қақтығыстарды, келіспеушіліктерді еңсеру, бейбітшілік пен келісімге жетелейтін ымыра іздеу негізгі жұмыс болуы тиіс.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында Қазақстанның бірінші кезектегі міндеті халықаралық экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылда күштерді шоғырландыру болады, бұл жер шарының әр өңірі үшін өзекті мәселе.

Біз бүгінгі жүктелген миссияны аса жауапкершілікпен, абыроймен орындайтынымызға сенімдіміз», делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика