ҚР Президентінің Жолдауы

Р.Сәрсембаева: «Даму» қоры 1,5 мың кәсіпкер әйелдің жобаларын қаржыландырды

«Даму» Қоры 12 млрд. теңге сомасындағы 1,5 мың кәсіпкер әйелдің жүзеге асқан жобаларын қаржыландырды, деп хабарлады Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциациясының президенті Раушан Сәрсембаева Strategy2050.kz ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 09:04

«Қазақстанның іскер әйелдер Ассоциацияның бастамасымен бірегей әлеуметтік жобалар іске қосылды. Олардың қатарында «Жұмыспен қамту мәселелері бойынша телефон желісі арқылы кеңес беру, жеке ісін ашу, зейнетақымен қамтамасыз ету және жүкті әйелдердің құқықтары» сияқты жобалар бар. Тегін қоңырау шалуға болатын 6969 – сенім телефоны іске қосылды. Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймағынан 70 мың жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтып отырған әйелдер өздерінің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кәсіби кеңес ала алды»,-деді Р.Сәрсембаева.

Оның айтуынша, Ассоциация «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірлесіп тұрақты түрде жаңадан кәсіп бастаушыларды оқыту курстарын жүргізеді.

«52 мыңнан астам қазақстандық әйел бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламаларына қатысты. Олардың басым көпшілігі жеңілдетілген несие алып, өз бизнестерін ашты. Бүгінгі таңда «Даму» Қоры 12 млрд. теңге сомасындағы 1,5 мың кәсіпкер әйелдің жүзеге асқан жобаларын қаржыландырды. Солардың есебінен 10 мың жұмыс орыны құрылды»,-деп мәлімдеді Ассоциация президенті.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика