Экономика

Қазатомөнеркәсіп 3 еншілес кәсіпорнын сатуға шығарды

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындарының жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін сату бойынша электронды аукцион өткізетінін хабарлайды: «Қазатомөнеркәсіп-Сорбент» ЖШС-дегі 51%, «Қазпероксид» ЖШС-дегі 50% және «Үлбі демалыс базасы» ЖШС-дегі 100%.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 09:21

Еншілес және тәуелді ұйымдарды сату Трансформациялау бағдарламасы аясында қайта құрылымдау және құрамнан бейінді емес активтерді шығару жолымен Компания құнын ұлғайту мақсатында іске асырылуда, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Сату туралы хабарландыру Мемлекеттік мүлік реестрінің www.gosreestr.kz веб-порталында жарияланатын болады. Сауда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің қаулысымен бекітілген активтерді сату, қайта құрылымдаудың бірыңғай Ережелеріне және мемлекеттік мүлік веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды саудалар өткізу Реттемесіне сәйкес жүргізіледі.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компанияның корпоративтік құрылымын оңтайландыру және бейінді емес активтерді шығару жұмыстарын биыл ғана өткізіп отырған жоқ. Айта кетерлік жәйт, 2013-2016 жылдар аралығында ұлттық атом компаниясы еншілес кәсіпорындарының санын 29 бірлікке қысқартты.

Жалпы, 2015-2017 жылдарға арналған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ активтерін қайта құрылымдау жоспарын» жүзеге асыру нәтижесінде компания еншілес және тәуелді ұйымдар санын 83-тен 40-қа дейін азайтуды көздейді. Бұл іс-шаралар Қазатомөнеркәсіптің барлық күшті уран өндіру жөніндегі негізгі қызметіне және ядролық-отын циклы буындарын дамытуға топтастыруына көмектеседі.

 




Яндекс.Метрика