Ұлтаралық бірлік

ҚХА: Этносаралық теңдікті қалыптастыру мен қолдау – өзекті мәселе

Этносаралық теңдік пен елдегі тұрақтылық, азаматтық келісімді қалыптастыру мен қолдау – бүгінгі заманның өзекті мәселесі, деді «Оберег» украин қоғамдық бірлестігінің төрайымы Тамара Ширмер «Strategy2050.kz» ақпарат агенттігіне берген сұқбатында.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 09:38

«Этносаралық теңдік пен елдегі тұрақтылық, азаматтық келісімді қалыптастыру мен қолдау – бүгінгі заманның өзекті мәселесі. Этностардың диалогы мен өзара іс-қимылдары, конфессиялардың да өзара іс әрекеттері түрлі құндылықтардың аясын кеңейте түседі. Сондай құндылықтарға ортақ Отан, әлеуметтік әділеттілік, адамның лайықтылығы жатады»,-деді Т.Ширмер.

Мемлекет жүргізіп отырған саясат әр қазақстандықты қалыптастыруға, өз Отанын сүюге, басқа адамдардың діни сенімдерінен қарамастан, ұлттық және мәдени айырмашылықтарын бөле-жармай сыйлауға бағытталған.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы этномәдени бірлестіктердің қызметін жандандырып, этностардың рухани-мәдени дамуына мүмкіндік туғызды. Біздің ортақ тарихымыз, ортақ мәдениетіміз, біздің құндылықтарымыз бен тіліміз, барлық этностардың шығармашылығы еркін дамып, қазақ жерінде тұратын барлық халықтарды мәңгіге біріктірді»,-деді Т.Ширмер.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика