Үкімет

К.Мәсімов Алматы облысында АӨК-ні белсенді дамытуға шақырды

ҚР Премьер-Министрі Алматы облысының жұртшылығымен кездесу барысында өңір басшылығы мен ҚР ауыл шаруашылығы министріне агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Алматы23 Маусым , 19:28

Премьер-Министр Алматы облысы аграрлық секторды дамытуда және еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін дамытуда ерекше орын алатынын атап өтті. Осыған байланысты агроөнеркәсіп кешенінің басты міндеттерінің бірі – ауыл шаруашылығында, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында еңбек өнімділігін арттыру. 

К.Мәсімовтің айтуынша, ол үшін Үкімет тарапынан барлық жағдай жасалған. 

Премьер-Министр облыс басшылығының алдына қойған тағы бір міндет – суармалы жерлердің санын арттыру. Оның айтуынша, Қазақстан жер ресурстарына бай, дегенмен суармалы алқап жетіспейді. Сондықтан, қазір Үкіметте суармалы жерлерді айналымға енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. 
 




Яндекс.Метрика