Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысында 688 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Олардың 521 жергілікті атқарушы орган. Штаттық есепте аймақтағы мемлекеттік қызметкерлер 8335 бірлікті құрайды. Осы жылдың 5 айында 531 орынға ішкі конкурстар және 343 жалпы орын ауыстырулар жүргізілген.
Баспасөз конференциясы барысында елдің мемлекеттік қызмет моделі канадалық модельмен салыстырылды.
«Әдетте Қазақстан Сингапурмен және Кореямен салыстырылатын. Менің ойымша, біздің елдің мемлекеттік қызметін Канадамен салыстыруға болады. Бізде ортақ ұқсастықтарымыз көп: үлкен территория, халықтың аздығы, полиэтникалық, политілдік»,-деді Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ң Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-гуманитарлдық акфедраның доценті Элеонара Столярова.