Үкімет

К.Мәсімов: Қазақстандықтарға жастар үшін перспективалар тудыруға барынша көңіл бөлу қажет

Алматы облысына жұмыс сапары барысында Кәрім Мәсімов жастар белсенділерімен жүздесіп, жастарға қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Алматы23 Маусым , 18:47

Премьер-Министрмен кездесу кезінде жас депутаттар, мұғалімдер, ғалымдар, дәрігерлер, спортшылар, кәсіпкерлер, журналистер мен студенттер жұмыспен қамтудың, тұрғын үймен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылап, жастар кәсіпкерлігін қолдау мәселелерін көтерді.

Кездесу жақында салынып біткен Жастарға қызмет көрсету орталығында өтті. Мұнда «Жасыл ел» мен студенттердің құрылыс жасағының облыстық штабтары орналасқан. Орталық жастар мәселелерін шешуде сервистік көмек көрсетеді, атап айтқанда, жастарды оқытумен және еңбекке орналастырумен, жастар бастамаларын қолдаумен айналысады.

Кәрім Мәсімов Алматы облысының жастар саясатын жүзеге асырудағы табыстарын атап өтті. Премьер-Министрдің пікірінше, қазақстандықтарға жастар үшін перспективалар тудыруға барынша көңіл бөлу қажет.

Бүгінде Алматы облысында 521 мыңнан астам жастар бар, 20 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді.




Яндекс.Метрика