Халықаралық интеграция

ҚДБ 2016 жылдың 26 қазанынан бастап ШЫҰ БАБ-на төрағалық етеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы Банкаралық бірлестігі (бұдан әрі - ШЫҰ БАБ, Бірлестік) Кеңесін 2016 жылдың 26 қазанынан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымы, бұдан әрі – Банк, ҚДБ) Басқарма Төрағасы Болат Жәмішев басқарады, деп хабарлады БРК.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 19:02

Сайлау рәсімі Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) а. ж. 23 маусымында ШЫҰ БАБ Кеңесінің кезекті он екінші отырысында өтті. ҚДБ Бірлестік Кеңесіне 2017 жылдың 25 қазанына дейін төрағалық етеді.

«Біз «Қазақстанның Даму Банкінің» ШЫҰ Банкаралық бірлестігіне төрағалық ететін кезеңін инвестициялық жобаларды қаржыландырудағы өзара іс-қимыл бастамалары түрінде іс жүзіндегі қамтумен толтыруды көздейміз, олар Ұйым кеңістігіндегі, Жібек жолының Экономикалық белдеуін дамытудағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту ісіне өз үлесін қосады», - деп баса айтты ҚДБ басшысы Б.Жәмішев.

 Өзбекстанның сыртқы экономикалық қызметі Ұлттық Банкінің төрағалығымен өткен ШЫҰ БАБ отырысы барысында Б.Жәмішев шикізаттық емес сектордағы қазақстандық экспорттаушыларды қолдау Бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) назарға ұсынды, ол ҚДБ тарапынан қазақстандық тауарларды импорттаушы компаниялардың банктері болып табылатын ШЫҰ БАБ қатысушы-банктерді қаржыландыруды көздейді. Ұсынылған өзара іс-әрекет сызбасы жеткізілген тауарға аккредитивтік ақы төлеу әдісімен, сондай-ақ «ҚазЭкспортГарант» АҚ-ның («Бәйтерек» Холдингінің еншілес құрылымы) пайда болған тәуекелдерін сақтандыруға қатысуды жоспарлайды. Бағдарламаға сәйкес ҚДБ тарапынан қарыз қаражатын ұсыну 9 жылға дейінгі мерзімді құрайды, несиелеу валютасы – АҚШ доллары, бір мәмілеге қаржыландыру лимиті серіктес банкке байланысты 10 млн-нан бастап 50 млн АҚШ долларына дейін құбылады.   

ҚДБ басшысы сондай-ақ Бірлестіктің жаңа орта мерзімді даму Стратегиясын (2017-2024 жж.) бекіту, ШЫҰ кеңістігінде және Азия өңірінде әрекет ететін халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимыл, мүше-мемлекеттердің және ШЫҰ диалогы бойынша серіктестердің қаржы институттарымен ынтымақтастықты кеңейтуді қоса алғанда, ШЫҰ БАБ қызметінің 2017 жылғы басымдықты бағыттарын белгіледі.

Отырыс барысында ШЫҰ БАБ қатысушы-банктері арасындағы инвестициялық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.
ШЫҰ БАБ Кеңесі Моңғолия Даму банкіне (Development Bank of Mongolia) Бірлестіктің серіктес-банкі мәртебесін беру туралы шешім қабылдады. 
 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика