Астана күні

Елбасы кітапханасын 1 жыл ішінде 20 мың адам тамашалады

2015 жылдың маусымынан Кітапханада 987 экскурсия өткізілді, оған 20 000 астам адам қатысты, деді ОКҚ-да Тұңғыш Президент-Елбасы кітапханасының қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Оксана Лоскутова.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 16:32

 «Экспедиция жүргізілген кезде 1025 іс қаралды. Оның ішінде жалпы көлемі 5338 бетті құрайтын 302 іс электрондық көшіруге және Елбасының кітапханасына сақтау үшін беруге іріктелді. Ғылыми-іздестіру экспедициясының барысында 1936-1995 жылдар аралығында Қарағанды облысында қызмет еткен 23 мекеменің мұрағат қорлары зерделенді», - деді О.Лоскутова.

Оксана Лоскутова Кітапхананың экспозиция-көрме жұмысына, келушілердің санына да тоқталды: «2015 жылдың маусымынан Кітапханада 987 экскурсия өткізілді, оған 20 000 астам адам қатысты. Елбасы кітапханасының жұмысымен танысқан құрметті меймандар арасында Монако князі II Альбер,  Ресей Федерациясының  президенті  Владимир Путин,  Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Өзбекстан Республикасының президенті Ислам Кәрімов,  Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев, Украина президенті Петр Порошенко бар».

Оксана Лоскутованың сөзінше, Кітапхананың кітап қоры сирек кездесетін және бұрынғы кітаптармен ерекшеленеді. Биылғы жылы сирек кітаптардың топтамасы XVII ғасырдың екінші жартысына және XX ғасырдың басына жататын бірегей басылымдармен толықты. Олардың арасында 1667 жылғы танымал ислам ғалымы аль-Багавидің шариат нормаларын түсіндіруге бағытталған «Тафсир аль-Багави» қолжазбасы бар.

Баспасөз мәслихатының соңында спикер баспа және электрондық БАҚ арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» ашық конкурсы өткізілетінін еске салды. Биылғы 1 маусымда басталған байқау барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған үздік материалдар анықталады.

Индира Кауметова

 

 




Яндекс.Метрика