Тәуелсіз Қазақстанның жаһандық бастамалары – әлемнің гүлденуіне үлес қосу

Н.Назарбаев: «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде елдердің бір-біріне деген сенімсіздігін жоятын нақты қадамдар бар (БЕЙНЕ)

«Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде елдердің бір-біріне деген сенімсіздігін жоятын нақты қадамдар бар, деді Қазақстан Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұқбатында.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 17:31

«Бүгінгі таңда ұлы державалар арасында және ядролық елдер арасында сенім төмендеп кетті. Қазіргі уақытта әлемде 15 мың ядролық оқтұмсық бар. Олардың 4 мыңы ұшыруға дайын тұр. Шамамен 7 мыңы Ресейде 7 мыңы Америкада. Өзге 20 ел қалған 1,5 мың ядролық ракетаны иеленіп отыр. Сенім әлсіреген кезде түрлі-түсті революция пайда болады және ол жерде мемлекет құлайды. Яғни, ол жерде терроризмнің ошағы бар деген сөз. Сосын таралады. Өткен жылы әлемде қарулануға 1 трлн. 700 млрд. доллар жұмсалыпты. Бұл 1% өскенді көрсетеді. Тек өткен жылы үлкен шиеленістерден Стокгольм институтының мәліметі бойынша әлемде 167 мың адам қайтыс болған. Осының бәрі әрине, ойландырады. Біреу осыны тоқтату керектігін айту керек қой»,-деді ҚР Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев осыған байланысты «Әлем. ХХІ ғасыр» Манифесінде бір-біріне деген сенімсіздікті жоятын нақты алгоритмдер мен қадамдар барын атап өтті.

«Тағы санкциялар, бір-біріне орынсыз шабуылдау, мұның орнына жақындасып және ядролық қаруды жоюға келгенде біз қауіпті сеземіз. Сондықтан мен БҰҰ соңғы сессиясында барлық жер шарындағы халықты көтеріп, барлық адамдарды ерікті түрде, әсіресе парламенттер ертең кеш болмай тұрғанда осы мәселемен айналысыуымыз керектігін айтып, ұсыныс енгіздім. Егер осылай кете беретін болса, барлық жаңа мемлекеттер ядролық қару иеленгілері келеді. Олар бар да қазір. Әр қайсысы қорғанғысы келеді, өз шекарасын бекітіп алғылары келеді, өздері жұмыс істегілері келеді. Бұл тарихта әрқашан шиеленіске, жан-жалға әкеп соқтырып отырған»,-деп түсіндірді Елбасы.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстанның осындай ұсыныстарды жасауға моральдық құқығы бар деді.

«26 жыл бұрын біз Семей полигонын жабу туралы жай шешім қабылдай салған жоқпыз. Одан кейін ядролық-ракеталық арсеналдан бас тарту шешімі оңай болған жоқ. Семей сынақ полигонының салдарынан Бельгияның территориясына тең жеріміз залалданды, қаншама аданың зардап шеккенін айтпай-ақ қояйын. Сол адамдардың үшінші ұрпағы әлі сол кездегі зиянды суленің зардабын сезініп келеді. Бұл проблемамен біз бетпе-бет келдік»,-деп қортты сөзін Президент.

Анар Таңірқұлова





Яндекс.Метрика