Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Астанада мал және құс шаруашылығының мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Екі күн ішінде «Көрме» көрме орталығында «AGRIANIMALS.KZ-2016» мал және құс шаруашылығының мамандандырылған көрмесі өтіп жатыр.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 15:03

Ұйымдастырушылар айтып өткендей, көрменің мақсаты – жетекші әлемдік және отандық ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін платформа ұйымдастыру.

Көрмеде әлемдік саланың жаңашылдықтарымен танысып, өндірушілерден кеңес алып, қажетті тауарларға қол жеткізуге болады. 

На выставке можно ознакомиться с мировыми новинками отрасли, получить консультации от производителей, приобрести необходимые товары, найти деловых партнеров для развития и расширения бизнеса. 

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Ербол Есенеев айтып өткендей, көрме аясында келіссөздер туралы әлі айтуға ерте, бірақ қадамдар жасалуда. 

«Мәселен, Қазақстан құс етімен 50% қамтып отыр, біз өндірісті екі есеге ұлғайту әлеуетіне иеміз. Ол үшін жаңа технологиялар мен жаңа шешімдер қажет. Сондықтан да аталмыш көрме фермерлер үшін өте қажет», - деді ҰКП агроөндірістік кешен мен астық өндірісі департаменті директорының орынбасары Ербол Есенеев. 

Көрмеде Қазақстандағы Канада елшілігінің павильоны қойылды. Елдер арасындағы мал шаруашылығы саласындағы серіктестік жетістіктері қаралды.

Аға сауда кеңесшісі мен вице-консул Адам Барболетаның айтуынша, Қазақстан Канаданаың ауыл шаруашылығы саласындағы ірі серіктесі болып табылады. 

«Канададан әкелінген технология трансфері мен тұқымды мал басының генетикасының нәтижесінде кез келген қазақстандық Ангус немесе Герефорд тұқымының етінен жасалған стейкке қол жеткізе алады», - деді А.Барболет.

Вице-консул айтып өткендей, мал шаруашылығы саласындағы серіктестік «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқан болатын. Бүгінде канадалық мал шаруалары алғашқы рет өз өнімдерін Канада Елшілігінің стендінде Астана тұрғындарына таныстырды.

Айта кетейік, көрме 23-25 маусым аралығында өтеді.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Шыңғыс Қаппаров 




Яндекс.Метрика