Парламент

АШМ: Жер кодексін түсіндіру жөніндегі мәселелердің 80% ел азаматтарына 10 сотық жер беруге арналған

«Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң кейбiр нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Републикасы заңының қолданысқа енгiзiлуiн тоқтата тұру туралы» заң жобасы жер заңнамасының кейбiр нормаларын қолдануға мораторий енгiзу туралы Президенттiң 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарлығын орындау үшiн әзiрлендi. Аталған заң жобасы биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейiн бiрқатар нормалардың қолданысқа енгiзiлуiн тоқтатады.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 13:04

«Біз бүгін шешім қабылдаймыз, заң өз күшіне енеді. Министрлік одан кейін қай бағытта жұмыс істейді. 1990 жылдан бастап 6 рет Жер кодексіне өзгерістер енгізілді. Комиссия жұмысына қатысатындықтан, бір біріне  қарама-қарсы ұсыныстар кездесіп жатады. Сіздің ведомство қай бағыт бойынша жұмыс істейді», - деді Ауыл шаруашылығының вице-министрі Бірғаным Әйтімова.

Айта кетсек, өткен аптада бұл заң жобасы Мәжiлiсте мақұлданған болатын. Оны талқылау барысында депутаттар бiрқатар ұсыныстар айтқан. Бiрақ қоғамда қызу талқыға түскен бұл түйiндi мәселенi ойластыра келе, Жер реформасы жөнiндегi комиссия жұмысын аяқтағаннан кейiн ғана Жер кодексiне өзгерiстер енгiзу туралы шешiм қабылданыпты

«Сондай-ақ, Президенттiң тапсырмасы бойынша Жер реформасы жөнiндегi комиссия құрылды. Бүгiнгi күнге дейiн комиссияның Астанада үш, Ақмола мен Алматы облыстарында көшпелi екi отырысы өттi. Қазiргi уақытта арнайы құрылған Call- орталық пен «Jerturaly.kz» сайтына азаматтардан көптеген сұрақтар мен пiкiрлер келiп түсiп жаты», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрi Ерлан Нысанбаев.

Естерiңiзге сала кетсек, Президент Жер кодексiнiң қоғамдық резонанс тудырған бiрқатар нормаларына 2017 жылға дейін мораторий жариялаған едi. Нұрсұлтан Назарбаев кең көлемді түсіндіру шараларын жүргізіп, бұл жұмысқа бүкіл партиялар мен қоғамдық ұйымдарды тартып, жер мәселесі бойынша өз позициясын білдірген барлық азаматтарды диалогқа шақыруды тапсырды.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика