Үкімет

К.Мәсімов халықты сібір жарасының таралуынан қорғау бойынша жұмыстарды жалғастыруды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысындағы сібір жарасының шығуына байланысты жағдай бойынша күнделікті ақпараттарды тыңдап, біліп отырады.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 12:48

Премьер-Министр баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін ҰЭМ тұтынушылар құқығын қорғау Комитеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин  кезекті баяндамасында «соңғы тәулікте  ауыл халқының арасында ешбір адамның жұқтыру жағдайы болмағанын» хабарлады.

Сонымен қатар арнайы штаб жұмыс істеп жатыр, ауылда карантин жарияланған. «Аталмыш аулдан мал мен басқа да өнімдер шығаруға тыйм салынды. Жағдай бақылауда, барлық жеке үй-жайлар мен байланыстар айқындалды. Химиопрофилактика мен антибиотикотерапия жүргізіліп жатыр»,-деп хабарлады ҚР Бас санитар дәрігері.

Баяндама қортындысы бойынша К.Мәсімов Ұлттық экономика министрлігі мен Ауыл шаруашылық министрлігіне жергілікті органдармен бірлесіп инфекцияның халыққа таралып кетпеуі үшін белсенді жұмысты жалғастыруды тапсырды.

«Біріншіден, одан әрі таралып кетпеуі үшін адамдардың сенімді қоғанысын қамтамасыз ету керек. Екінші міндет – елімізде мұндай жағдайлар орын алмауы үшін бізге кешенді іс-шара керек. Осы мәселені үнемі бақылауда ұсауды жеке-жеке тапсырамын»,-деді Премьер-Министр.

Үкімет басшысы келесі аптада Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, жағдаймен сол жерде танысатынын атап өтті. Аталмыш мәселе бойынша жеке жиналыс өтетін болады.

Еске сала кетейік, осы жылдың 19-ші және 22-ші маусымы аралығында Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында 9 адам сиярдан сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен госпитализацияланғаен болатын. Олардың екеуі қайтыс болды. 




Яндекс.Метрика