Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Заң үстемдігін қамтамасыз ету – сот реформасының басты міндеті

Сот жүйесін реформалау әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кірудегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының ажырамас бөлігі екені белгілі. Жоспар қоғамда және мемлекетті түрлендіруге бағытталған. Басты мақсат – «сыртқы белгілерді» жауып қою емес, керісінше «жүйені сауықтыру». Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың аталмыш бағдарлама жайында айтқанынан бері бір жылдан астам уақыт болды. Strategy2050.kz ақпарат агенттігіндегі материалда Астана судьялары сот жүйесін реформалау бойынша Ұлт жоспарының нақты қадамдары қалай жүзеге асырылып, қалай енгізіліп жатқаны туралы айтты.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 15:36

Барлық сот процестеріне дыбыстық және бейне жазбаларды енгізу

«2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Астанада барлық сот отырыстарында аудио және бейне жазбалар енгізілді. Аппаратура бүгінгі таңда қаланың барлық сот залдарына орналастырылды. Судья оны өшіре де алмайды және жазбаны тоқтада алмайды. Камералар автоматты түрде қосылады. Егер қандай да бір себептермен судья немесе хатшы жазбаны өшіретін болса – онда жауапқа тартылады»,-деді Астана қаласының судьЯсы Сайран Әлімбаева.

Судья атап өткендей, сот отырысы аяқталғаннан кейін залда қызметтік тексеріс жүргізіледі. Егер судья тарапынан заң бұзушылық болса, жауапқа тартылады.

«Заң бұзушылық болса облыстық төралқа немесе соған теңестірілген деңгейдегі сот төрағасына қарауға кіргізіледі. Одан кейін аталмыш заң бұзушылыққа байланысты шешім шығарылып, судья жауапқа тартылады»,-деп хабарлады С.Әлімбаева.

Бессатылыдан  үш деңгейлі әділсот жүйесіне көшу

«Үш сатылы сот жүйесі – ха­лық­аралық тәжірибеде бар үрдіс. Аралық сатылардың көп болуы сот процестерін қасақана ұзар­туға және сот шешімін сөзбұйдаға салып, адамдарды әуре-сарсаңға түсіреді. Және сот шешімі Қазақстан Республикасының атынан шығатындықтан бірінші инстанцияда қаралып, шығарылған сот шешіміне күдік болмауға тиіс. Бұл соттың беделіне нұқсан. Істің бір сотта орналасқан апелляциялық және кассациялық сатыда қаралуы  сот процесінің уақытын ұзартып, бірнеше жыл адамдарды әуреге салады, тараптар соттың шешімін тосып-ақ шаршайды, бұл өз кезегінде тараптардың сот төрелігіне деген сенімін азайтады. Сондықтан келесі 2016 жылдан бастап үш сатылы сот жүйесі енгізіледі»,-деді Астана қаласының судьясы Гүлнәр Әбдіғалива.

Астана қаласының соттарында осы жылдың 5 айында 19 628 іс аяқталған. Олардың 5 356-сы бұйрықтық өндіріс қатарында, жеңілдетілген өндіріс қатарында 3700 іс болды.

Былайша айтқанда, істің 46%-н судьялар қысқа мерзімде аяқтады. Салымтырмалы түрде аталмыш көрсеткіш 25% құрайды, деп қосты судья.

Қаталдандырылған квалификациялық талаптар мен механизмдер үміткерлерін іріктеу

«Қабылданған өзгеріспен қаталдандырылған квалификациялық талаптар мен механизмдерге судья лауазымын үміткерлерді іріктеу болды. Қаралып отырған процедураға судьяларды тағайындау талабы күшейтіліп, олардың жас ерекшеліктеріне де мән берілді. Айталық, 25 тен 30 жасқа дейін және олардың еңбек өтілдері 2 ден 5 жылға дейін болуы шарт. Осы мақсатта тәжірибелі болуы үшін тағлымдаманың да уақыты ұзартылды»,-деді Астана қаласының судьясы Гүлнәр Әбдіғалиева.

Инвестициялық даулар бойынша сот өндірісін жеке құру

«Ұлт жоспарын жүзеге асыруда 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген Азаматтық-процессуалдық және Кәсіпкерлік кодексте өзара үйлесімділік болды. Осыған байланысты Астана қаласының сотында инвестициялық дауларды қарайтын мамандандырылған құрам жасақталды. Сонымен қатар, соттардың есеп беру міндеттілігі күшейтілді. Осы үшін ҚР Жоғарғы Сотында судьялардың жаңа Этикалық кодексін дайындау ұсынылды»,-деді Г.Әбдіғалиева.

Осылайша, біз сот жүйесінің реформалау арқылы ақырындап даму сатысына көтеріліп бара жатқанын аңғарамыз. Заң үстемдігінің ең басты міндеті ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау емес пе.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика