ҚР Президентінің Жолдауы

Қазақстанның 6 өңірінде ауылдағы шағын бизнесті несиелеу бойынша жаңа жоба жүзеге асырылуда (БЕЙНЕ)

Қазақстанның 6 өңірінде ауылдағы шағын бизнесті несиелеу бойынша жаңа жоба жүзеге асырылуда, деді «Атамекен» ҰКП жұмыспен қамту департаментінің директоры Жеңіс Дулатов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 23 Маусым, 14:48

«Биыл «Атамекен» ҰКП шағын несиелендіру бойынша жаңа жобаны іске қосты, оның негізгі мақсаты ауылдық жердегі шағын және орта бизнесті қолдау болып табылады. ҰКП екі жыл жұмысының ішінде ауылдық жерде ауқымды проблемалар байқалған болатын.  Негізгі проблема қаржыландыру саласына байланысты болған, себебі екінші дәрежелі банктер несие бермейді. Ауылдағы шағын бизнесті қаржыландырмайды. Қаржыландырған күннің өзінде пайыздық көрсеткіш 20-25 пайыз, оны кез келген тұрғын ала алмайды», - деді ол.

Директордың айтуынша, қазіргі кезде жұмыс істейтін бағдарламалар, мәселен ЖҚЖ-2020 жұмыссыз адамдарға бағытталған. Кәсіпкерлер несие ала алмайды, минималды несие қүны 3 млн теңгені құрап отыр.

«Бірегей институт – «ҚазАгро»  еншілес компаниясы, оны қолдау қоры қамтамасыз етіп отыр. Оларға арыздар көп түсуде, себебі жиналатын құжаттар саны өте көп. 5 бетке қандай құжат керек екендігінің тізімі ғана жазылған», - деді ол.

Сарапшы айтып өткендей, бірінші кезекте инвесторлардан қаржы тартылады.

«Инвесторлар Қазақстанның жеке кәсіпкерлері ретінде  ұсыныс жасайды. Біз Маңғыстау облысында шағынқаржылық ұйымды құрдық, онда 300 млн теңгені ҰКП-ға салуды жергілікті бюджеттен аламыз. Біз 1 теңге инвестициялап, тағы 1 теңгені тартамыз.  Қазақстанның 6 өңірінде ауылдағы шағын бизнесті несиелеу  бойынша жаңа жоба жүзеге асырылуда. Олар: Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Алматы және Қызылорда, Жамбыл облыстары», - деді ол.

Индира Кауметова

Видео Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика