Парламент

Мәжіліс төлем және төлем жүйелері туралы заң жобасын қабылдады

ҚР Парламент Мәжілісі «Төлем және төлем жүйелері туралы» заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.
Нұр-Сұлтан23 Маусым , 11:28

Заң жобасыҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандық жол2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы аясында дайындалған. Сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындауда қолма-қол төлеу жүйесі операторларының қызметін реттеу мәселесі анықталады. Заң жобасының мақсаты ұйымдар мен төлем жүйелерінің қызметі мәселелері бойынша құқықтық жағдайды бекітіп алу болып табылады. Сонымен қатар, нарықтағы төлем қызметтерін халықаралық стандартқа сәйкес реттеу, төлемдер мен аударымдардың нормаларын халықаралық тәжірибеге сәйкес жетілдіру.

«Жұмыс тобына 230-дан астам ұсыныс келіп түскен. Ол ұсыныстар жұмыс тобының отырысында және комитеттің кеңейтілген отырысында қаралды. Заң жобасын қарау барысында депутаттар төлем жүйесінің тәртібін анықтау мен оның оператор интернет ресурстарында жариялануына қатысты өзгертулер енгізілді»,-деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дания Еспаева.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика